Thumbnail for 1965–1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы Өнеркәсіп жағдайы by ОШГ 17 имени Ивана Трубицына. Учителя истории

1965–1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы Өнеркәсіп жағдайы

ОШГ 17 имени Ивана Трубицына. Учителя истории

4m 10s375 words~2 min read
YouTube auto captions
Transcript source

YouTube auto captions

This transcript was extracted from YouTube's auto-generated caption track. The transcript below is server-rendered so it can be read, searched, cited, and shared without opening the original YouTube player.

Pull quotes
[0:00]Ал адамдардың күнделікті тұтынуына қажетті технологиялық өнім шығаратын кәсіпорындар жоқтың қасы болды.
[0:00]Қазақстаннан арзан шикізат экспортталса, керісінше жоғары бағадағы қымбат өнімдер импортталды.
[0:00]Қазақстаннан 8 млрд сома өнім сыртқа шығарылса, 16 млрд сома тұратын дайын өнім ішке әкелінді.
[0:00]Қазақстан өнеркәсібінің құрылымында өндіріс құралдары өндірісінің А тобы басым болды да, Б, яғни тұтыну заттары тобы 20 пайыздан сәл асты.
Use this transcript
Related transcript hubs

[0:00]Неге 1965-1985 жылдар тоқырау жылдары деп аталды? Тоқырау жылдары кезінде қандай өзгерістер болды? Тоқырау жылдары Қазақстанға қалай әсер етті? Осы сұрақтарға жауап беруге тырысайық. Неге 1965-1985 жылдар тоқырау жылдары деп аталды? Тоқырау жылдары социалистік қиялдың тұйыққа тірелуі кезеңі болды. Өндіріске мемлекет тарапынан орнатылған қатаң бақылау артты. Тоқырау жылдары қандай өзгерістер болды? 1965-1985 жылдары Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Ал адамдардың күнделікті тұтынуына қажетті технологиялық өнім шығаратын кәсіпорындар жоқтың қасы болды. Қазақстаннан арзан шикізат экспортталса, керісінше жоғары бағадағы қымбат өнімдер импортталды. Осылайша экспорт пен импорттың ақша балансының алшақтығы пайда болды. Қазақстаннан 8 млрд сома өнім сыртқа шығарылса, 16 млрд сома тұратын дайын өнім ішке әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінің құрылымында өндіріс құралдары өндірісінің А тобы басым болды да, Б, яғни тұтыну заттары тобы 20 пайыздан сәл асты. 1965-1985 жылдары Қазақстанда индустрияландыру үдерісі қарқынды жүрді. Еліміз КСРО-дағы өнеркәсібі дамыған аймақ саналап, жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша КСРО-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Одақ бойынша Қазақстан хромның 95 пайызын, бариттің 85 пайызын, сарғыш фосфордың 90 пайызын, жемшөп фосфатының 40 пайызын, мыстың 30 пайызын, күмістің 50 пайызын, қорғасын мен мырыштың 85 пайызын шығарды. 1975-1985 жылдарда салынп іске қосылған өнеркәсіп орындары республикада 117 бірлікке жетті. 1981-1985 жылдарда 60 бірлік болды. Өндірістік инфрақұрылым айтарлықтай дамып, магистралдық сипат алған автомобиль тасжолдары салынды. Өндірілген ұлттық табыста өнеркәсіп, құрылыс, көлік қатынасы мен байланыс үлесінің ұлғаюы Қазақстандық индустрия дамуының жиынтық көрінісіне айналды. 80-ші жылдардың орта шенінде олардың үлес салмағы 59 пайызды құрады. 1960-1985 жылдары, яғни 25 жыл ішінде жұмысшылар саны 2,4 млн адамға көбейді немесе екі еседен көбірек өсті. Өнеркәсіптің дамуы қалалардың өсуіне ықпал етті. 1989 жылғы бүкіл одақтық халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 50 мыңнан астам халқы бар бес қала болған. 1970 жылы қала мен ауылдың халық саны теңесті. 1980 жылдан бастап қалалықтардың саны артты. Тоқырау жылдары Қазақстанға қалай әсер етті? Бүкіл одақ бойынша қосып жазу әдетке айналды. Сыйақылар, ордендер, ауыспалы қызыл тулар және тағы басқа марапатталу мақсатында өндірілген өнімнің нақты көрсеткіштері артығымен жазылып, бұрмаланды. Кеңестік бейресми экономикалық қатынастардың феномені тасығыштар деп аталатын адамдар болды. Олар кәсіпорын қақпасының сыртына тамақ өнімдерінен бастап, электр шамдарына дейінгі ұсақ-түйектерді алып шығуға машықтанды. Осылайша жалпы ішкі өнім көрсеткіштеріне жазылып қойған қисапсыз өнімдер өндірушіден тұтынушыға жетпей қолды болды. Кеңестік әлеуметтік саясатқа тән қалдық деп аталатын немесе жанама қағидасына сәйкес халық тұтынатын тауарлар өндірісі өнеркәсіптің даму жоспарларының ең түкпіріне ығыстырылды.

Need another transcript?

Paste any YouTube URL to get a clean transcript in seconds.

Get a Transcript