Thumbnail for Байқоңыр by Adilbek Ahmet

Байқоңыр

Adilbek Ahmet

5m 19s606 words~4 min read
YouTube auto captions
Transcript source

YouTube auto captions

This transcript was extracted from YouTube's auto-generated caption track. The transcript below is server-rendered so it can be read, searched, cited, and shared without opening the original YouTube player.

Pull quotes
[0:07]Байқоңыр - планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және бүгінде ол әлемдегі ең үлкен ғарыш кешені болып саналады.
[0:07]Батыс барлау қызметтерінің назарын басқа жаққа аудару үшін Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр аулының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған.
[0:07]Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр аулы аталп келген.
[0:07]1957-ші жылдың 4-ші қазан күні Байқоңырдан Жердің алғашқы жасанды серігі шұрылды.
Use this transcript
Related transcript hubs

[0:07]Өмірде бір рет те болса Байқоңыр туралы естімеген адам әлемде жоқ шығар. Байқоңыр - планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және бүгінде ол әлемдегі ең үлкен ғарыш кешені болып саналады. Жерден шұрылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі Байқоңырдан шұрылады. 1955-ші жылы Төретам кентінің жанынан ғарыш айлағының құрылысы басталды. Бір қызығы, бастапқыда ғарыш айлағының аты Байқоңыр болмаған. Жобаның аты Тайга болған. Және ол құпия түрде жүзеге асырылған. Батыс барлау қызметтерінің назарын басқа жаққа аудару үшін Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр аулының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр аулы аталп келген. Біртіндеп шынайы ғарыш айлағының құпиялығы алынып тасталды. Алайда жобаның конспирологиялық атауына көпшілік бой үйретіп қалған болатын. Осылайша Тайга тауы Байқоңырға айналып кетті. Айтпақшы бұл Гагарин шұқаннан кейін болған. 1957-ші жылдың 4-ші қазан күні Байқоңырдан Жердің алғашқы жасанды серігі шұрылды. Жер серігінің атауы Спутник-1 болды. Оны Кеңестік конструктор Сергей Павлович Королев жасап шыққан. Спутник-1 диаметр жарты метрлік сфера пішіндес болған және антенналармен радио қабылдағыштардан тұрған. Спутник сигнал таратып Жерді 1440 рет айналған. Сосын атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кеткен. Ал үш жылдан кейін Байқоңырдан бесінші жер серігі шұрылды. Бұл жолы жер серікте жолаушылар болған еді. 1960-шы жылдың 19-шы тамызында Белка мен Стрелка өздерінің атақты ғарышқа сапарын жасады. Иттер бір тәуліктен аса уақыт ғарышта болып, салмақсыздықты да бастарыннан өткізіп Жерге аман есен оралған болатын. Белка және Стрелка қарапайым көше иттер болған, ал кейін олар әлемдік танымалдыққа ие болды. Әрине адамзаттың ғарышты бағындырудағы ең маңызды қадамы 1961-ші жылдың 12-ші сәуірінде жасалды. Дәл сол күні Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында Юрий Алексеевич Гагарин бар Восток кемесі шұрылды. Аталмыш старт қатаң құпиялықпен жасалды. Юрий Гагарин космоста шамамен екі күндей болып қайтып оралған. Тек осыдан кейін ғана әлемнің телеарналары хроника кадрларын көрсете бастады. Ғарышқа шұққан алғашқы адамның құрметіне 12-ші сәуір космонавтика күні болып аталып келеді. Сол кезден бері Байқоңырдан 5 мыңнан аса түрлі старттар жасалды. Әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы қалай ұйымдастырылған? Байқоңыр бұл көптеген күрделі құрылыстардан тұратын гиганттық кешен. Бұл былайша айтқанда кәдімгі бір тұтас қала. Байқоңырдың ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды. Оның аумағындағы көлік жолдарының ұзындығы 1000, ал темір жолдың ұзындығы шамамен 500 шақырым. Кешеннің ұшақтарды қондыруға арналған екі жеке аэродромы бар. Мынау ғарыш айлағының картасы. Оның дәл ортасында нөмірі бірінші алаң орналасқан. Бұл сол атақты Гагариндік старт. Бүгінде де ол жұмыс істейді. 2015-ші жылы 2-ші қазан күні нөмірі бірінші алаңнан Союз жолаушы кемесінің мерей тойлық 500-ші ұшуы жүзеге асырылды. Экипаж мүшелерінің ішінде біздің отандысымыз Қазақстан азаматы Айдын Айымбетов те болды. Барлығы Байқоңырда түрлі зымырандар, яғни зымыран деп серіктер мен кемелерді ғарышқа көтеретін аппараттар аталады. Және зымыран тасығыштарға арналған тоғыз старттық кешен бар. Бүгінгі күнде олардың ішіндегі ең танымаллары - Союз және Протон. Старттық кешендерден бөлек Байқоңырда көптеген монтаждық сынаушы корпустар бар. Бұл зымырандарды жинайтын, сынайтын және стартқа дайындайтын гиганттық ангарлар. Ғарыш айлағында зымыранға арналған жанармай станциялары да бар. Байқоңырда 10 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлығы 30 шақырым қалашықта орналасқан бір қалада өмір сүреді. Ғарыш айлағы секілді қаланың да аты бірнеше рет Заря, Звездоград, Ленинский болып ауыстырылып тек 1995-ші жылы ғана қалаға Байқоңыр аты берілді. Қалада шамамен 70 мыңдай адам өмір сүреді. Олар ғарыш айлағында жұмыс істейтіндердің отбасылары. Олардың жартысынан көбі Қазақстан азаматтары. Байқоңыр қаласында мектептер, ауруханалар, балабақшалар, техникумдар және жоғары оқу орындары бар. Мұнда тіпті қонақ үйлер де бар, себебі бұл жерде туризм жақсы дамыған. Әлемнің түкпір-түкпірінен Байқоңырға келіп шынайы ғарыш аппаратын өз көздерімен көргісі келетіндер өте көп. Бүгінде ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының меншігі болып саналады. Алайда оны Ресей 2050-ші жылға дейін жалға алған. Әрине әлемде үлкен заманауи мықты ғарыш айлақтар жетерлік. Алайда тек Байқоңырдан ғана орбитаға ғарыш станцияларының экипаждары шұрылады. Байқоңыр осыдан жарты ғасыр бұрын салынса да әлі күнге дейін барша адамзаттың ғарышқа арналған ең негізгі есігі болып қала беруде.

Need another transcript?

Paste any YouTube URL to get a clean transcript in seconds.

Get a Transcript