[0:01]Өткен ғасырда Қазақ даласында кең ауқымды аграрлық саяси тың игеру реформасы жүргізілді. Бірақ ол тақырыпқа қатысты көптеген құжаттар бар. Бұл науқанға қатысты әртүрлі пікір бар. Тың жерлерді игеру біріншіден, экстенсивті әдіспен жүргізілді. Жазық дала, шөп, жер, міне осындай жерде ауыл шаруашылығы өндірісі құрылды. Совет одағы кезіндегі тың және тыңайған жерлерді игеру жайында беймәлім дерек бағдарламасында.
[0:51]Санаулы түрлі дүрбелеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихында зерттеуді қажет ететін тұстар баршылық. Өткен 20-шы ғасыр дүрбелең оқиғаларға толы болды. Солардың бірі тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны. Кең ауқымды аграрлық саяси реформа қазақ халқының болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне, тілі мен дініне зор ықпал етіп, түбегейлі өзгерістер әкелді. Тың эпопеясы Қазақстан тарихының зерттеліп болмаған ақ таңбақ беттерінің бірі. Оның мән-жайына сол оқиғаға куә болғандар мен мұрағаттардан тауып жатқан шынайы деректер арқылы қол жеткізуге болады. Енді біз тың жерлерді игеру мәселесіне келетін болсақ, бұл мәселеде архив құжаттарында көптеген құжаттар бар.
[1:46]Әрине, бұның ішінде мемлекет тарапынан, жаңағы Қазақ ССР министрлер кеңесі, сонымен қатар жоғарғы президиум тарапынан да шешімдері, қаулылары да осы мәселеде орын алғандығын білеміз. Мынадай картографиялық құжатты көрсеттік. Оның негізінде бұл эрозияға ұшыраған жерлердің де көптеген мынау карталарын айтып кетіп отырмыз. Бұның негізінен Соболев деген кісі, Багамолов деген, Андреев деген азаматтар сол кезде құрастырған 54-ші жылғы карта. Тың және тыңайған жерлерді игеру Совет одағында Қазақстан, Сібір, Орал, т.б. 1954-1965 жылдары жүргізілген науқан. КСР бойынша жалпы 41,8 млн гектар жер жыртылса, соның 25,5 млн гектары қазақ жеріне тиесілі болды.
[2:44]Тың игеру туралы айтар болсақ, ол алдымен Совет одағында қолға алынған көлемді жоба. Бірақ ол тақырыпқа қатысты Советтік Қазақстан киножурналдарында әрі көптеген құжаттар бар. 40-шы жылдардың соңында елге нан жетпей, ішкі резервті пайдалану қажеттілігі туындады. Хрущевтің бастамасымен қолға алынған жоба Қазақстанның Павлодар, Көкшетау, Целиноград, Қостанай және Солтүстік Қазақстан тәрізді бес облысын қамтыды. Осылайша тың игеру өлкесі құрылды. Кейін осы бес облысты Ресей құрамына қосу көзделгенде Жұмабек Тәшеневтің қарсы шыққаны баршаға аян. Патша үкіметі де табиғаты көркем, құнарлы қазақ даласын игеруді көздеген. Бірақ оны қолға алу кейінге шегеріле берген еді. Ал коммунистік партия орталық комитетінің 1954-ші жылғы ақпан-наурыз айларында өткен пленумында елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қаралды. Бұл пленумда бұл шешім қабылданды. Қазақстанның тың жерлерін игеру туралы. Өйткені кеңестік одақтың барлық аудандарында нанға тапшылық байқалды. Қалаларда нан жетіспеді. Нан сататын магазиндерде ұзын кезектер пайда болды. Халық жартылай аштық жағдайда өмір сүрді. Үлкен-үлкен зауыттарда нан жетіспеді. Саратов 29 деген бидайдың сорты шыққан. Бұл қатты бидай. Ашық далада, аңзақта, ыстық күннің астында өсетін бидай.
[4:20]Бұл бидайды ана жұмсақ бидайға қоспасаңыз, дәмді сапалы нан шықпайды. Міне, сондықтан да Қазақстанның климат жағдайы осыған өте жайлы болды, осындай бидай сортын өсіру көзделді. Бос жатқан жерлерді игеріп, кәдеге жарату жөнінде идея болғанымен, науқан басталмас бұрын жеткілікті түрде ғылыми зерттеу жүргізілмеді. Еліміздің ауа райының ерекшелігі, суы жоққа қарастарылған жоқ. Тұрмысы мал шаруашылығымен біте қайнасқан елдің жерін егістік алқаптарына айналдыру шарасы қарқынды түрде жүргізілді. Взять, скажем, целину. В азиатской части бывшего Советского Союза был большой проект. Тың жерлерді игеру коммунистік партияның экономикалық, саяси шешіміне сай қабылданған әрі жоба. Тың игеру жылдары елімізде лайықты техника, астық өндіруге арналған жер өңдеу жүйесі болған жоқ. Барлық жер өңдеу технологиясы мен жүйесі Еуропадан әкелінді. Олар климатымызға, топыраққа сай келмеді. Тың жерлерді игеру біріншіден экстенсивті әдіспен жүргізілді.
[5:32]Экстенсивті әдіс дегеніміз, бара-бара кеңейтіп, көп өнім алу үшін жердің көлемін ұлғайтып, көлдің, өзеннің жағасына дейін кеңейтіп жыртып, артық жерлердің бәрін қосып, осылай көп астық алу. Көлдердің жағалауын түгел жыртып, қамыс, құрақ барлығы, бүкіл көл суалды. Өйткені көлдің суын насоспен суарып, егіндікке және техникаға пайдаланды. Осылайша жағдай экологиялық тұрғыдан қиындады. Игерілетін жердің ауқымына сол кезде билікте болған Жұмабай Шаяхметов қарсы шығып, құнарлы аз жерлерге тиіспеу қажеттігін айтты. Ал Хрущев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысын жаңа заманға лайықсыз басшы деп қызметтен шеттетті. Британ энциклопедиясында 1967-ші жылы шыққан сонда Жұмабек Шаяхметов Хрущевпен келіспей, тың игеру үрдісімен, сол үшін жұмыстан шығарылды деп жазады. Өкінішке орай Совет үкіметінің кезінде ол мәселені айтпайтын.
[6:40]Жұмабай Шаяхметов шынын айту керек, 40-шы жылдардың аяғында, 50-ші жылдардың басында Сталинмен кездескенде Қазақстанда мал шаруашылығын дамытып, сондай үлкен негіз, база жасауды ұсынды.
[6:57]Осындай Хрущев оған келіспеді де, менің саясатыма қарсы келіп жатыр деп 1954-ші жылы Жұмабай Шаяхметовті жұмыстан алып тастады. Жұмабай Шаяхметов 10 облыс, Ақмола облысының тумасы. 10 облыс сол кезде 20-шы ғасырдың басында Қарашептендер көшіп келген қазақтардан ең көп шаралы жер алған Ақмола облысының бір уезі болды. Жер шаруашылығы дамымаған уақыттың кезінде мал шаруашылығы базасына бір қиындықтар туды. Қазақтар жаппай кедейлене бастады. Осының бәрін бала кезінде, жас кезінде көрген Жұмабай Шаяхметов өзінің ашық қарсылығын білдірді. Никита Хрущев өзінің "Воспоминания. Время, люди, власть" деген естелік кітабында былай деп жазады. "Мен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы Шаяхметовпен сөйлестім. Ол ұлты қазақ болғандықтан туған өлкесін жақсы білетін. Мен: "Қанша жер жыртылып жатыр? Қандай аймақтар игеруге жарамды? Қанша астық алынады?", - деп сұрадым. Әңгіме кезінде оның маған шындықты айтпай, мүмкіндіктерді төмендетіп көрсеткенін аңғардым. Егіске жарамды жерлердің өте аз, тіптен жоқ екенін, барлық жердің жыртылғанын айтып, дәлелдеп бақты. Бұл тұста саяси, дәлірек айтсақ, ұлтшылдық нақыштарының көрінісі байқалды. Шаяхметов астық егу аумағы үлкейтілсе, бұл жерлерді қазақтардың өздері өңдей алмайтынын түсінді. Ол тың жерлерді игеру үшін өзге еріктілерді шақыру қажеттігі туындағанынын түсінді. Бұған жол бергісі келмеді, өйткені Қазақстанның байырғы тұрғындарының саны тіптен азайып кетеді деп қорықты. Тың игеру басталғанда Шаяхметовті орнынан алып тастауыма тура келді. Он говорил Хрущёву, что у вас на Украине. Хрущев соғысқа дейін, соғыстан кейін Украина компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Шаяхметов Хрущевке Украинада топырақтың құнарлығы 4 метрге дейін барады, ал Қазақстанда орта есеппен алғанда 2,5 см. Тың игерілсе, біз жерімізден, даламыздан айырыламыз деп айтқан. 1960-шы жылдарға қарай елімізде 9 миллион гектарға жуық жер эрозияға ұшырады. Топырақтың сапалы жыртысы 15-20%. Тың жерлерде 20%-ға дейін бөлініп, құнарын жоғалтты. Жердің ылғалдығы жойылғандықтан күн қатты ысып, жер тілімделіп жарылды. Солтүстік аймақтарда бұрын болмаған шаңды дауылдар тұрды. Ондаған миллион гектар көлеміндегі табиғи аймақ, жайлымдық жер жойылды.
[9:53]Шынында Қазақ даласы көптеген ерекше келетін дақылдардан, өсімдіктерден айырылды. Жан-жануарлар біртіндеп жойылды. Кейбір шаруашылықтар, мысалы, түйе шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады тың игерген аудандарда. Мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады, өйткені малға қажетті жайылымдар қысқарып, тарыла бастады. Сол жылдары топырақты тоздырмай, астық өсімін көбейту мәселесін шешу қажет болды. Бұл ретте академик Александр Бараевтің атқарған еңбегін айта кеткен жөн. Тәжірибесі мол білікті маман бірнеше жыл бойы ізденіп, топырақты эрозиядан қорғайтын егіншілік жүйесін енгізді. Республикадағы жыртылып тасталған миллиондаған гектар танаптар топырақты қорғаудың жаңа әдісі арқылы деградациядан сақталып қалды. Алғашқы кезде жыртылғанда өсіп тұрған бидайды түгел аспанға көтеріп кетті жел. Апатты жағдай қалыптасты. Мына Шортанды деген жерде станция ашып, Ғылым Академиясын Бараев деген академик басқарып, жаңа соқа ойлап тапты. Қайырмасыз соқа дейді. Міне, осындай әдіспен тың жерді сақтап қалды. Эту проблему решить вопрос была создана. Бұл мәселені шешу үшін тәжірибелі ғылыми институттар желісі ашылды. Қазақстанда топырақ эрозиясына қарсы техника жасайтын зауыт ашылып, ол Совет одағы мен Балтық жағалау елдерін қамтамасыз етіп отырды. Бұл астық өндіру мәселесінің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.
[11:33]Ал айтатын болсақ, мына жерде тіптен жердің, судың құнарсыз жерлер дейміз ғой, су жоқ жерлерді көрсетіп отырған, өзінің белгілері бар.
[11:44]Осындай жерлерде және де сол кезде орын алған мынау жердің бәрін жыртып тастағаннан кейін қасына ормандар орналастыру жөнінде. Себебі, орман болған, жақын орналасқан жерлердің құнарлығы өте жоғары болады деп есептеді. Сол кезде орман шаруашылығын дамытуды қоса жүргізіп отырды. Тың игеру жылдарында Қазақ жерінде демография мәселелері туындады. Сол жылдары елімізге Совет одағының еуропалық бөлігінен 2 миллионнан астам өзге ұлт өкілдері келді. Енді әлеуметтік жағдайынан өте жағдай жасалды. Олар жаңа үйлерге келіп қоныстанды бірден. Жаңа үйлерде тұрды және де олардың балаларын бәрін бірден мектепке қабылдады. Және материалдық көмектер көрсетіліп отырды. 1959-шы жылғы санақ бойынша байырғы халық өмір сүрген жерлерде аштыққа ұшырады. Өңірдегі адам саны 2 миллион 753 мың болса, оның 46,2 пайызы орыстар, 14 пайызы украиндар, 12,1 пайызы немістер болды. Ал қазақтардың үлес салмағы небәрі 29 пайызын көрсетті. Мен де сол кездегі демографиялық жағдайдың куәсімін.
[13:00]Өзім барған балабақшадағы балалардың арасында жалғыз қазақ мен болдым. Сол кезде байырғы халықтың саны күрт азайып кетті. 1500-дей қазақ мектебі жабылды. Байырғы жер суат аулалары ескерілмей, 200-ден астам елді мекен орысша аталатын болды. 1962-ші жылы Никита Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстары тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Ленинградский, Московский деген сияқты тың совхоздарының атын орысшаға қойып қоймай, қазақ ауылдарынан қашық жерге, жапан далаға орнатты. Сондықтан да қазақ ауылдары болашағы жоқ, дамымайтын шағын ауылдарға айнала бастады.
[13:49]Өйткені жаңағы тың совхоздарында мектептер ашылды. Олар ең жаманы орыс тілінде ашылды. Я была ещё маленьким ребёнком, когда Жолмбеков, поселок, на котором, ну, практически вот на территории этого поселка Шортанды совхоза, Заря Я была ещё маленьким ребёнком, когда мой папа и мама приехали в поселок Заря, это было в Шортанды. Мен кішкентай ақ қыз едім, менің әкем мен анам Жолмбеков поселкесіне жақын жердегі жаңа шаруашылық бой көтерді дегенде.
[14:04]Оның аты Заря еді, ол Шортанды совхозының тұңғыш атауы. Жазық дала, шөп, жер, міне осындай жерде ауыл шаруашылығы өндірісі құрылды. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі көше жорттан пайда болды. Бақ-бақша болған жоқ, адамдар өздері отырғызды, яғни жапан далада бүткіл бір ауыл бой көтерді. Жаңадан салынған ауыл жол биіктен 4 шақырым жерде орналасты, түрлі елдерден келген битаныс адамдар осы Заря ауылына егін егіп, жұмыс істеу үшін келіп жатты. Тың игеру жылдары Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Тың игеруге 1 миллион 700 мың адам қатысып, 21,1 миллиард сом қаражат жұмсалды. Телюдия привезли свою культуру, своё миропонимание, это, конечно, Ол адамдар әрине өздерінің мәдениетін, өмірге деген көзқарасын бірге алып келді. Өз болмысымызда, тілімізді жоғалта бастадық. Тың игерілген аймақтарға әр түрлі материалдық, техникалық көмек, қаражат құйылды. Ал республикамыздың оңтүстік бөлігі баяу дамыды. Сол себепті қазір бұл жерлерде өндірістік диспропорция байқалып отыр. Тың игеру жылдарында Қазақстанда кері әрі құбылыстар көп болды. Оң өзгерістерді айтар болсақ, реформа нәтижесінде еліміз астыққа бай ірі республика танып, экспортқа өз өнімін шығара бастады. Дәстүрлі егін шаруашылығы қалыптасты, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі реттелді. 1956-шы жылдың күзінде Қазақстан тарихта алғаш рет миллиард пұт астық берді. Экономикалық жағымды өзгерістер байқалды. Жаңадан құрылған колхоз-совхоздардың әрқайсысы техникамен толық жабдықталды.
[15:46]Қазақстанға кеңестік одақтың басшылығы техниканы аямай төкті. Жаңа тракторлар, жаңа комбайндар, культивациялар, бүкіл жаңа техника Қазақстанға жіберілді, ауыл шаруашылығы техникасына айтарлықтай. Әрі, әрі қуатты совхоздар пайда болды. Енді колхоздар ол тыңды игерген жоқ негізінде, совхоздар игерді. Совхоздарды мемлекет қаржыландырды, онда халықтың тұрмысы жақсы болды. Қазақстанның экономикасы көтерілді, магазиндер ашылды, мәдениетіне, ғылымына тыңның пайдасы болды. Совхоздарды қалыптастыру жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Мысалы, кеңшарлардың бірінде аурухана, екіншісінде мектеп салынып, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеге жеткізілді. Халықтың жағдайы мен тұрмысын көтеру үшін мектептер мен ауруханалар, мәдениет үйлері, темір жол және тас жолдар салынды. Электр және байланыс желілері тартылып, инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасалды. Мысалы мына жерде айтып отыр, ауылдар ашылған кезде оның арақашықтығы есептелген. Километрлік қаншалықты олар үлкен жоғарғы тарапынан шешілген картографиялық, ғылыми қазіргідей институттар барлығы жұмыс жасады ол жерде. Бірге отырып шешілген мәселелер болды. Бұнда, мысалы, жақын жердегі мектептердегі жаңадан ашылған мектептің жас балаларды көршілес совхоздарға орналастырып, интернат арқылы оқыту мәселесі қолға алынды. Мектептер ашу, интернат ашу, мысалы, мал шаруашылығымен айналысқан азаматтардың балаларына интернат ашу. Ол жерде біз айтып кетуіміз керек, енді сол кездегі басшылықта жүрген азаматтардың еңбектерін айтып өтсек болады. Я уже писала очень много о целине, и мы можем поднять архивы, и мы увидим, сколько там имен тех людей, которые отдали свои силы, свои чаяния, свои мечты, надежды. Мен тың игеру туралы көп жаздым, архивтерді көтерсек, бұл жылда тер төккен адамдардың есімдеріне, пайдалы істері мен арман-мақсаттарына да куә боламыз. 1959-шы жылы Украинадан менің болашақ күйеуім келді. 1971-ші жылы ол Комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды. Жас кадрлардың өсуіне еңбек сіңірді. Тың игеру кезінде жақсы мамандар шығып, өндірісті дамытуға үлес қосты. Сол жылдары Ресей, Украина, Беларусь, Кавказ республикаларынан адамдар келіп, барлығы бір-біріне бауырластық танытты. Олардың көбі Қазақстанда қалды, жаңа отбасылар қалыптасты. Біз өміріміздің ең жақсы жылдарын, жастығымызды осы тың игеруге арнадық. Сол жылдары астық өндіруден алға шыққан Қазақстан қазір де бұл салада жетекші орында тұр. Бүгінгі таңда жаңа техника мен технологияларды пайдалану арқылы еліміз әлемдегі алдыңғы қатарлы астық өндірушіге айналды. Бүгінде халық оның игілігін көріп келеді. Ал тың игерудің экологиялық зардаптары тәуелсіздіктің арқасында біртіндеп жойылып жатыр. Республика мен элементы цивилизации. Біз қазір цифрландыру, ақпарат технологиялары элементтерін қолданамыз. Біздің жер өңдеуге қатысты технологиямız топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге қауқарлы. Біз қолданатын жаңа тәсіл жердің өнімділігін сақтауға ғана емес, сонымен бірге оны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысты әртүрлі пікір бар. Біреулер оны Совет халқының ұлы ерлігі десе, енді біреулер қатерлі тәуекелге балайды. Қалай болғанда да тың игеру ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі. Как я уже сказала, историю целины, да, нужно всесторонне, да, показать. Красногорск архивынан таспаға жазылып алынған деректер мен іс-қағаздар Қазақстандағы тың игерудің бізге беймәлім тұстарын көрсетеді. Біз 2025-ші жылға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тың игеру тарихын қалпына келтіріп, толықтыруды жоспарлап отырмыз.



