[0:00]Ядролық қарудың ойлап табылуы, адамзаттың ғарышқа ұшуы, айға қонуы, реактивті ұшақтардың пайда болуы, жойқын қарулардың пайда болуы, қазіргі біздің Counter-Strike-ты ойнайтын автоматтардың, қару-жарақтардың пайда болуы қай кезеңде орын алды деп ойлайсыздар? Қазіргі біздің мына соткіде қолданып жүрген GPS навигатор, әртүрлі 2GIS, Яндекс.Карты деген секілді карталар қай кезден бастап қолданысқа ие болған болатын. Соның барлығы қай уақытта? Әрине, оқушылар, ол бізде Қырғи қабақ соғысы кезінде. Сіздермен бірге Juzo білім беру орталығының Бексұлтан ағайларыңыз. Бүгінгі біздің видеомызда қырғи қабақ туралы айтатын боламыз.
[0:44]Алдарыңызда көрсетілген фотосуретте үш әлемдік державаның басшылары көрсетілген. Олар Кеңес одағының төрағасы Иосиф Сталин, Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилль және Америка Құрама Штаттарының президенті Франклин Рузвельт. Қалай ойлайсыздар, осы үш мемлекеттің басшылары не үшін кездесті? Бұлар, оқушылар, 1945 жылы ақпан айында өткізілген Қырым конференциясында кездесіп тұр. Және бастапқы талқылаған маңызды тақырыбы олар әрине, соғыстан кейінгі әлем болашағы қалай болады? Жалпы жүйе қалай болады, біздің жағдайымыз не болады деген секілді сұрақтарда маңызды жауабын тапқан болатын. Қараңыздар, бізде идея мынада жатыр: Қырым конференциясында жалпы осы үш мемлекет жиналып, басшылары негізгі мәселелерді алдыға тартқан болатын. Қандай мәселелер? Бірінші мәселе, ол бізде әрине Германияның оккупациялануы. Яғни Германиядағы нацистік жүйені жою, Германияның әскерін демилитаризациялау, және жалпы олардың барлығын демобилизациялау. Яғни демобилизация дегеніміз - ол әскерді тарату, демилитаризациялау - ол бізде әскери барлық жабдықталуды, әскери барлық әскерді шығару, техника шығару деген секілді дүниелерді тоқтату деген сияқты. И осындай бірінші мәселеден кейін екінші мәселе туындайды: әлемдік державалардан кім бірінші орында болады деген сияқты. Жалпы қарастырайық, осы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем бойынша қандай мықты мемлекеттер қалды? Санап шығайық. Біріншісі, олар бізде Германия, ол білесіздер, соғыстан жеңілді. Оның одақтастары Италия, Жапония мемлекеттері, олар да жеңілді. Сәйкесінше, олар әлсіз мемлекет болып қалды. Ал осы антигитлерлік коалицияға мүше болған мемлекеттер ше? Олар соғыстан кейін мықты болды ма? Жоқ, олар экономикалық жағдайдан дағдарысқа ұшырады және аяққа тұру оларға қиын болды. Мысалы, Ұлыбритания, Франция және сонымен қатар басқа да мемлекеттер де не істей бастады да, әлсірей бастады. Олардың қатарында мықты бола түскен мемлекеттер бар еді. Олар әрине АҚШ пен КСРО. Дәл осы АҚШ пен КСРО-ның арасында бақталастық жүйе орнайды. Яғни әлем бойынша биполярлық жүйе орнаған болатын. Енді биполярлық жүйе деген не ол? Би - 2 деген мағына, поляр - үстемдік етуші, мықты деген мағынаны білдіреді. Яғни соғыстан кейін екі үстемдік етуші мемлекеттер пайда болған болатын. Яғни әлемдік аренада екі мықты мемлекет нөмірі бірінші болуға таласа бастайды. Олар әрине АҚШ және КСРО мемлекеттері. Жалпы сіздер білесіздер, қырғи қабақ соғысы осы екі мемлекеттің арасында болған болатын. Бірақ екеуі де ашық түрде соғыспады. Сұрақ туындауы мүмкін: ағай, қалай екеуі де ашық түрде соғыспады деген секілді. Олар бір-біріне әскер жібермеді ме, бір-біріне танк жібермеді ме деген сияқты? Иә, екеуі бір-бірімен әскер алмасып немесе танкпен соғыспаған болатын. Енді қалай соғысты? Ол әрине, оқушылар, бізде бақталастық саясат арқылы соғысқан болатын. Енді бақталастық саясат деген не ол? Бақталастық саясат екі мемлекеттің өз жүйелерін әлем бойынша тарату. Яғни бір-бірімен жарысуы, бәсекелесуі. Яғни қандай саясаттар? Америкада ол бізде әрине капитализм болды, КСРО-да коммунизм болды. Яғни КСРО коммунизмді әлем бойынша таратқысы келді, АҚШ та өзінің капитализмін таратқысы келді. Бірақ екеуінің арасында әрине жанжалдармен әртүрлі шеңберлер басталған болатын. Яғни осындай бір-бірімен бәсекелескен кезеңін бізде қырғи қабақ соғысы кезеңі деп атайды. Немесе орысша айтқанда гонка немесе ағылшынша айтқанда The Race. Яғни қырғи қабақ соғысы деп тұрғанымыз - ол АҚШ пен Кеңес одағының және олардың одақтастары батыс және шығыс блоктардың арасында өткен ешқандай шеңбер кезеңі. Ол бізде 1946-дан бастап 91-жылға дейін созылған болатын. Дәл осы видео сабақта біз жалпы қырғи қабақ соғысы кезіндегі негізгі оқиғаларды бір шолып шығамыз. Жаңа айтқан болатынмын, қырғи қабақ соғысы кезінде осы екі мемлекет бір-бірімен ашық түрде соғыс пады деп. Енді қалай соғысты? Ол әрине, оқушылар, бізде бақталастық саясаттың арқасынан соғысқан болатын. Яғни АҚШ өзінің саясатын Батыс Еуропа елдеріне үстемдік құру үшін таратқан болатын. КСРО болса, күш арқылы коммунизмді әртүрлі мемлекеттерге тарата бастады. Бірақ қырғи қабақ соғысын басталуына қандай себеп болуы мүмкін, қандай сылтау болуы мүмкін? Жалпы қырғи қабақ соғысы жаңағы мен айтқан Қырым конференциясында басталып кеткен. Яғни старт ол жерде сол уақытта басталған болатын. Бірақ осы екі мемлекеттің арасында соғыстың болуына деген бір қандайда бір сылтау қажет болды. Жалпы осы сылтау оқиғаны біздің дүниежүзілік тарихымызда оны детонатор оқиға деп атаймыз. Яғни сылтау детонатор сияқты жарылу керек болды. Яғни бүкіл әлем тану керек болды да, осы екі мемлекет міне, соғысайын деп жатыр деген сияқты. Әрине осы қырғи қабақ соғысының, яғни екі мемлекеттің арасында соғыстың басталуына болған, яғни сылтау болған оқиға, детонатор жағдай ол әрине 1946 жылғы 5 наурыз күні өткен Американың Фултон қаласындағы Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилльдің айтқан сөзі.
[5:44]Уинстон Черчилль сөйлеген сөзінің негізгі мақсаты бүкіл әлемге батыстың ықпалын орнату еді. Ол өз сөзінде АҚШ-тың әлемдік күштердің шыңында екендігін айтты. Кеңес Одағын агрессор және қатал билеуші ретінде айыптаған болатын. Кеңес Одағының Шығыс Еуропаны басқа әлемнен темір шымылдықпен бөліп тастағанын айтып, Уинстон Черчилль КСРО мен коммунизмге қарсы күресу үшін ағылшын тілінде сөйлейтін халықтар қауымдастығын құруды ұсынған болатын. Және осылайша ол ағылшын-саксон ерекшелігі идеясын және сонымен қатар Ұлыбритания мен АҚШ-тың тығыз әскери ынтымақтастығының қажеттігін талдады.
[6:41]Яғни идеологиялық қарама-қайшылық. Жаңадан бері айтылып жатқан біздің саяси жүйелеріміз ол қандай жүйелер? Ол қандай идеологиялар? Бірінші идеология ол бізде капитализм. Екінші идеология ол бізде коммунизм идеологиясы. Коммунизмді КСРО әлем бойынша таратты, капитализмді Америка таратты. Осы екі саяси жүйенің немесе идеологияның қандай айырмашылығы бар? Капитализм несімен ерекшеленеді? Коммунизм несімен ерекшеленеді деген сияқты да. Коммунизм ол бізде жабық қоғам, жабық мемлекет. Ол жерде барлық кәсіп орын мемлекетке тиесілі, қатан билік, бір партиялық жүйе, диктатура. Яғни барлық басшыға табану, жеке бастың ұлылығы, жеке басқа табынушылық осының барлығы коммунизмде кездесті. Капитализмде демократия, либерализм, яғни жеке меншік құқығы, сөз бостандығы, тәуелсіздік, еркіндік деген секілді ұғымдардың барлығы осы капитализм идеологиясында болды. Енді осы екі идеологияның қарама-қайшылығының болуына не себепші болды? Ол әрине осы екі мемлекеттің әлем бойынша үстемдік орнатуға деген талпынысы. Яғни Америка мен әлем бойынша нөмірі бірінші боламын дейді, КСРО да соған таласып жатыр екен. Осылай 91-жылға дейін қырғи қабақ соғысының барысында осы екі мемлекет жан-жақты, әртүрлі жарысқан болатын. КСРО мемлекеті ғарышқа адамды ұшырса, Америкада ұшырам деп жарысады. Америка айға адамды қондырса, КСРО да солай мен де жарысам деп айтқан болатын. Енді осы екі мемлекеттің шын мәнінде күш салып жарысқан дүниесі ол ядролық қару. Яғни барлықтарыңыз білетіндей Oppenheimer деген фильмді көрген боларсыздар. Яғни Oppenheimer фильмінде жалпы АҚШ мемлекеті қалай ядролық қаруды ойлап тапты және қай мемлекетке қолданғаны туралы көрсетілген болатын. Дәл осы 1945 жылдары жалпы әлем бойынша ядролық держава болып саналған мемлекет ол жалғыз ғана Америка еді. Бірақ та, білесіздер, Американың бақталасы, жауы, бәсекелесі кім? Ол КСРО мемлекеті. Осылай КСРО мемлекеті Америкадан қалспаймын деп, олар әртүрлі тыңшылардың көмектері арқылы ядролық қаруды шығару туралы, жасау туралы технологияны үйреніп, 1949 жылы Семей полигонында ең алғашқы ядролық сынақтарын бастады. Видеоның басында айтқандай, осы екі мемлекет бір-біріне ашық түрде соғыс жасамаған болатын. Яғни бір-біріне әскер жібермеді, бір-біріне танк жібермеді, бір-біріне жаңағыдай ракеталармен, зымырандар жібермеген болатын. Бірақ та, сұрақ туындауы мүмкін, осы екі мемлекет не үшін соғыспады? Себебі жаңағы біздің айтқан ядролық қару. Екі мемлекетте де ядролық қару бар 1949 жылдардың басында. Яғни 1949 жылдары осы екі мемлекет екеуі де ядролық қаруды иелене тұра бір-біріне осы ядролық қаруды бір-бірін лақтырамыз деп, атамыз, сойбай жоямыз деп бір-біріне осындай сес көрсеткен болатын. Енді осы ядролық қару осы екі мемлекеттің арасында болған тежеуші күш еді. Тежеуші күш деген не ол? Тежеуші күш - ол белгілі бір әрекетті жасамауға деген себеп ет. Яғни ойлаңыздар, КСРО мемлекеті егер де АҚШ-қа ашық түрде соғыс ашатын болса, АҚШ өзінің ядролық қаруларын КСРО мемлекетіне жібере салады. Солай әлемді жойып жіберуі мүмкін. КСРО да жаңағыдай ядролық қаруы бар. Егер де АҚШ оған керісінше әскерлерін жіберетін болса, КСРО да өзінің ядролық қаруын қолдана алады. Осы екі мемлекетте біледі, егер де соғыс болған жағдайда бір-бірімізге ядролық қаруды лақтыратын болсақ, біз жалпы мына Құдайдың жаратқан дүниесін жойып жібереміз деп қатты сенген болатын осы дүниеге. Сол себепті бір-біріне ядролық қаруды болғандықтан ашық түрде соғыс жарияламаған еді. Енді сұрақ туындауы мүмкін, ядролық қару бола тұра екі мемлекет те олар ашық түрде соғыс жарияламаса, онда соғысты қалай жүргізді? Әрине, бізде ол бақталастық саясат. Америка өзінің саясаты арқылы көптеген мемлекеттерге ішкі саясаттарды араласа бастады. КСРО да өзінің коммунизм саясаты арқылы көптеген мемлекеттердің ішкі істеріне араласты. Осы екі мемлекеттің бақталастық саясатының кесірінен көптеген мемлекеттер екіге бөлініп, қазіргі уақыттың өзінде де жеке-дара, бір-біріне бағынбайтын, бір-бірінен бөлек мемлекеттер пайда болған болатын. Мысал, Солтүстік Вьетнам, Оңтүстік Вьетнам, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея және ГДР мен ГФР де қазір осы видеосабақта айтатын боламыз. Енді сұрақ туындауы мүмкін. Америка өзінің саясатын әлем бойынша қалай тартуы мүмкін? КСРО өзінің саясатын әлем бойынша қалай тартуы мүмкін деген секілді. Мынаны еске салайық. Жалпы осы екі мемлекеттің арасында бізде 1945 жылдан бастап тікелей тірес басталып, бәсекелестік, яғни идеологиялық қарама-қайшылық туындаған болатын. Еуропаны осы екі мемлекет екіге бөле бастады. Яғни жалпы тарихта Еуропа дағдарысы деген тарих орнаған болатын. Яғни ол Еуропаны қақ екіге бөлу. Батыс Еуропа ол тікелей Американың саясатына бағынды. Шығыс Еуропа ол тікелей коммунизм, яғни КСРО-ның саясатына бағынған болатын. Осылай бізде КСРО мемлекеті Шығыс Еуропаны жаңағы біздің Уинстон Черчилль айтқандай темір шымылдықпен бөліп тастады. Оған себеп болған әрине 1949 жылы болған Польша жиналысы. Яғни Польша жиналысында КСРО басшысы Иосиф Сталин тоғыз коммунистік партиямен кездесіп, жалпы әлемді екіге бөлу туралы тезис қабылдаған болатын. Осы тезистің нәтижесінде не істей бастады екен? Әрине, Еуропа екіге бөлініп кетті. Шығыс Еуропа жаңағыдай Польша, Венгрия, Болгария, Югославия деген секілді мемлекеттер КСРО-ға бағынған болатын. Бірақ 1948 жылы Югославияның басшысы Броз Тито Иосиф Сталинмен ұрысып қалады. Осылай айтады Иосиф Сталин, мен сенің диктатураңа бағынбаймын. Мен өзімнің социализмімді құрамын деп, Югославия федеративті мемлекеті КСРО-ға бағынбай, бөлек жеке дара мемлекет болып өмір сүрген болатын. Енді Америка ше? Америка капитализмді қалай Батыс Еуропаға таратып, КСРО-ның ашуына тиеді? Ол әрине Трумэн доктринасымен, Маршалл жоспары. Естеріңізде болатын болса, 1947 жылы Маршалл жоспары қабылданған болатын. Яғни Маршалл жоспары ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттерінің экономикасын, жағдайын қалпына келтіру үшін арналған арнайы қаржылық жоба еді. Яғни Маршалл жоспары арқылы Америка Еуропа елдеріне кредит бере бастады. Өте қомақты қаржылай көмек берген болатын.
[12:51]Яғни біз қазіргі тілмен айтқанда проценттік кредит қой. Осылай бүкіл Батыс Еуропа елдері Америкадан қомақты қаржыны алып, экономикаларын қалпына келтіріп алды. Солай Батысқа, Шығыс Еуропа елдеріне капитализмнің қандай күшті екендігін көрсеткен болатын. Бірақ Шығыс Еуропаның жағдайы қалай болды? Әрине, таза абьюзерлік атнашенияда болған болатын. Яғни КСРО оған қатты абьюзерлік атнашения көрсетіп, оларды тоталитарлық жүйеде ұстады. Шығыс Еуропаның бүкіл елі КСРО-ның үлкен әміршіл-әкімшіл әдісіне жүгінген болатын. Яғни КСРО қандай талап қояды, КСРО қандай бұйрық береді, солардың барлығын орындаған болатын. Осындай өкінішке орай, бізде олар қатал бақылауда өмір сүрген еді. Естеріңізде болатын болса, 1945 жылғы Қырым конференциясынан кейін жалпы Германияны оккупациялаған болатын. Германия осылай оккупацияланған төрт аймаққа бөлінген еді. Германия батысы үш аймаққа бөлінді біріншіден, үшеуі де ол жаңағы Америка және одақтастарына тиесілі болды. Мысалы, солтүстігі жаңағыдай Ұлыбританияға, ортаңғы бөлігі ол бізде Америкаға, оңтүстігі Францияға деген секілді. Бірақ шығыс бөлігі ол тікелей КСРО-ға тиесілі болды. Шығыс бөлігінде дәл осы Германияның сол кездегі астанасы Берлин қаласы еді. Берлин қаласын, естеріңізде болатын болса, дәл сол кезде КСРО-ның жалпы әскері оккупациялаған болатын, яғни қоршады. Енді сұрақ туындауы мүмкін, Германия не үшін оны жалпы сөз етіп жатсыз, не үшін ол айтылып жатыр деген секілді. Себебі дәл осы Германияның территориясы бойынша бізде Еуропа қақ екіге бөлінді. Бұған себеп болған әрине Германиядағы құрылған жалпы осы екі мемлекеттің бастамасымен мемлекеттер еді. Мысал, Германияның батысында Германия Федеративті Республикасы құрылды, Германияның шығысында Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір қызығы екеуінің де құрылу уақыты аралығы бір ай. 1949 жылы 7 қыркүйек ГФР құрылды, 1949 жылы 7 қазан ГДР құрылды. Қызық, иә? Осылай бізде ГДР-дің халқы қатал бақылауды, қатал тәртіпті шыдамай, сөз бостандығы, демократия, капитализмді аңсап, олардың барлығы біртіндеп біртіндеп қай жерден қаша бастады? Әрине, КСРО-ның қарамағындағы ГДР-ден қаша бастады. ГДР-ден қашқан адамдардың барлығының саны өте көп болғаннан соншалық, КСРО мемлекетінің басшылығына бұл зат қатты ұнамайды. Сол себепті 1961 жылы Берлин қаласының дәл қақ ортасынан үлкен Берлин қабырғасын көтерген болатын, яғни Берлин қабырғасы.
[15:24]Өте, өте ауыр оқиғалардың бірі еді. 1961 жылы КСРО мемлекеті ГДР-ден ГФР-ге қашатын, көшіп кететін адамдардың саны көп болғандығына байланысты үлкен Берлин қабырғасын тұрғызған болатын. Яғни Берлин қабырғасы Берлин қаласының дәл қақ ортасынан тұрғызылып, жалпы осылай ГДР мен ГФР-дің халқын, яғни бір неміс ұлтын екі қақ бөлуіне себепкер болған болатын. Осылай бізде жаңағыдай көптеген оқиғалар әрине осы Берлин қабырғасының аясында жүргізілді. Енді ойлап қараңыздаршы, мысалы ГДР-дің аумағында, яғни КСРО-ның бақылауындағы территорияда сенің бір атаң өмір сүреді немесе әжең өмір сүреді деген сияқты. Бірақ сен өзің ГФР-дің территориясындасың. Осылай бізде Берлин қабырғасының кесірінен мынадай атасын-әжесін аңсаған кісі 1989 жылға дейін өзінің ата-әжесін көрмеген болатын. Бұған әрине себепкер болған Берлин қабырғасы еді. Бұл осындай Берлин қабырғасын тұрғызуы Еуропа дағдарысына әкеліп соқтырған болатын. Жаңа біз Маршалл жоспары туралы айттық. Яғни Маршалл жоспары 1947 жылы жалпы жоспарға енгізілді, бірақ 48-жылдан бастап іске асқан болатын. Осы Маршалл жоспарының қаржылай көмегі арқылы 17 Еуропалық ел Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аяққа тұрды. Ойлаңыздар, экономикалық жағынан олар алдыға шыға бастады, Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда. Осылай Шығыс Еуропа елдерінің бір шама болса да, жындату үшін Америка қаржылай көмек берген болатын. Міне, Америка қаржылай көмек беріп жатыр екен, КСРО ше? КСРО несімен бере алады? КСРО жалпы не бере алады Шығыс Еуропаға? Жалпы Шығыс Еуропадағы жағдай қиын бола бастаған болатын. Себебі КСРО шын мәнінде айтқанда ештеңе бере алмады. Маршалл жоспары осы жоспардың көмегі арқылы Италия мемлекеті қомақты қаржы арқылы өзінің еліндегі бүкіл корпорацияларының дамытқан болатын, инвестиция құйып. Германия Федеративті Республикасы, яғни ГФР, Германияның екінші бөлігі Батыс аумақтағы, олар керісінше завод-фабрикаларды дамытып, үлкен индустрияландырылған мемлекетке айналды. Жаңағыдай Франция мемлекеті қайта құру жоспары арқылы және Маршалл жоспарының көмегі арқылы олар да аяққа тұрған болатын. Яғни Батыс Еуропа елдерінің барлық экономикалық дамуына себепкер болған және жаңағыдай көмек көрсеткен ол әрине АҚШ мемлекеті. Әрине, оны капитализм мен Маршалл жоспары. Және сонымен қатар Америка мемлекеті жалпы осы Еуропа елдеріне коммунизм тарап кетпес үшін Трумэн деген доктринаны қабылдайды. Яғни Трумэн доктринасы дегеніміз не ол? Трумэн доктринасы жалпы Гарри Трумэн деген Американың президентінің арнайы жоспары. Яғни ол коммунизмді тежеуге арналған жоспар еді, яғни Еуропа елдеріне коммунизм саясаты тарап кетпесін. Ол жерде ешқандай бір идеология жүрмесін, партиялар коммунизмді насихаттамасын, осындай агитациялық жұмыстар жасамасын деген секілді ниетпен Трумэн доктринасын Еуропа елдерінің біршама бөлігіне таратқан болатын. Әскери, қаржылай көмек берді және сонымен қатар гуманитарлық көмектерді де берген болатын. Жаңа біз айтқан болатынбыз, осы екі мемлекеттің бақталастық саясатының кесірінен көптеген мемлекеттер екіге бөлініп кетті деп. Мысалы, соның бірін айтайық, ол әрине Корея мемлекеті. Корея мемлекеті жалпы 1910 жылдан бастап Жапонияның отарында болған болатын. Тек қана 45-жылы ғана оның отарынан шықты. 45-жылы Жапонияның отарынан шыққаннан кейін олар енді алдағы болашағымыз не болады екен, жалпы біз қандай жүйені қабылдаймыз деген секілді Кореяда үлкен, үлкен жанжал туындайды. Осылай Кореяның халқы екіге бөлініп кетеді: Солтүстік Корея және Оңтүстік Корея деп. Солтүстік Кореяға жалпы қолдау көрсеткен, әскери жағынан көмек берген ол әрине КСРО мемлекеті. Ал Оңтүстік Кореяға бізде Американың капиталистік саясатын негізделген партиялар еді. Ойлаңыздар, Корея солтүстік және оңтүстік деп екіге бөлінеді. 1950-1953 жылдардың арасында екі Корея мемлекетінің арасында азамат соғысы болады. Солтүстік Кореяны коммунистік тәртіппен басқарған ол Ким Ир Сен, қазіргі біздің Ким Чен Ынның арғы атасы.
[19:19]Және Оңтүстік Кореяның басшылығында болған ол бізде капиталистік тәртіппен жүргізген Ли Сын Ман. Енді Корея азамат соғысы тек қана 1954 жылы Женева декларациясының шешімімен аяқталады. Енді сұрақ туындауы мүмкін, Женева деген не ол деп. Қараңыздар, жалпы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік қауымдастықтар, әлемдегі барлық қақтығысты, шеңбер ішіндегі мәселелерді шешу үшін Женева конференциясын шақырған болатын. Женева конференциясында жалпы тарихта көптеген бір мәселелерді шешуге талпыныс жасаған еді. Мысалы, осы Корея азамат соғысын шешу үшін олар не істей бастады? Декларация қабылдады. Яғни Женева декларациясы 1954 жылы қабылданып, осы Корея мемлекетін екіге бөліп тастаған болатын. Қалай? Бейбіт түрде, 38-ші параллель бойынша. Яғни 38-ші параллель ол бізде білесіздер, глобустың жалпы горизонтальды сызығы бойынша не істеді? Корея әрине шекара бойынша екіге бөлінді. Солтүстігі ол бізде коммунистік тәртіптегі мемлекет болды, оңтүстігі ол бізде капиталистік тәртіптегі мемлекет болды. Әлі де бір-бірімен өкінішке орай соғыспен жатыр. Жаңа айтқан болатынмын, осы екі мемлекетте ядролық қару болды деп. Енді сізде де сұрақ туындаған шығар, осы екі мемлекет бір-біріне ядролық қаруды лақтырды ма деген сияқты? Мен айтар едім, почти дейді. Не үшін почти? Себебі осы екі мемлекеттің арасында ядролық соғыстың болуына жалпы алға шарт жасап берген ол бізде Куба мемлекеті еді. Көз алдарыңызда Фидель Кастро деген Куба революционері көрсетіліп тұр. Яғни Фидель Кастро 1958 жылы Кубадағы әскери диктатура орнатқан Фульхенсио Батиста деген кісінің билігін құлатып, өзі билікке келеді. Және билікке келместен бұрын ол қатты ойланады. Кубаның алдағы болашағы қандай жүйеде болады деп. Капитализм немесе социализм деген секілді. Бірақ ол капитализмді қабылдамайды. Не үшін қабылдамайды?
[21:05]Себебі Америка кінәлі деп кінәлаған болатын. Фульхенсио Батистаның билікке келгеннен кейін Куба азаматтары бұған наразы болды. Сол себепті Америкаға біртіндеп біртіндеп қоныстана бастаған болатын. Америка Құрама Штаттарының билігі жалпы Кубадан келген мигранттарды қабылдағысы келмейді. Сол үшін Фидель Кастроға айтты. Фидель Кастро, өтінемін, өзіңнің мигранттарыңды қайта алып кет деп. Бірақ Фидель Кастро бұған келіспейді. Сол себепті жалпы Фидель Кастро бізде Американың саясатын қолдамаған болатын. Енді сұрақ туындауы мүмкін, не үшін деген сияқты. Себебі Америка мемлекеті мигранттарды қайта өздеріне қабылдамағаны үшін эмбарго жариялайды. Эмбарго деген не ол? Ағай, түсіндіріңіз деген сияқты сұрақ туындауы мүмкін сіздерде. Эмбарго деген ол бізде қарапайым тілмен айтқанда сатуға жол бермеймін, сатып алмаймын деген мағынаны білдіреді. Ойлаңыздар, Кубада бір ақ қана жалпы экономикалық ресурс бар, экспортқа шығаратын, яғни күнін көретін, нан табатын бір ақ қана ресурс бар. Қалай ойлайсыздар, ол не бізде? Ол қарапайым қант. Я, Куба қанты. Куба қанты ол бізде жалпы экспорттауға арналған товар еді сол кезде. Және оны тұтынушы Америка мемлекеті және Латын Америка елдері еді. Осылай Америка мемлекеті Латын Америка елдерінің барлығына айтады. Осылай, осылай бізде Куба қантын сатпауға, сатып алмауға деген эмбарго жариялайды. Кубадан ешқандай ресурс ретінде қантты алмаймыз дейді. Осындай жағдайдан кейін Кубаның экономикасына өте қатты, ауыр зардап тиген болатын. Ойлаңыздар, Америка мемлекеті жалпы қолдан экономикалық дағдарыс жасап тұр екен. Солай бізде Фидель Кастро қатты ашуланып, Эрнесто Че Гевараның, өзінің қасында жүрген жолдасының идеясына жүгінген болатын. 1961 жылдан бастап осылай Фидель Кастро Кубада социалистік жүйе орнағанын мәлімдейді. Осылай КСРО мемлекетімен жақындаса бастайды. КСРО мемлекеті осы моментті қатты пайдаланып алып, 1962 жылы Куба аралында өздерінің ядролық зымырандарын орнатады. Енді ойлаңыздар. Картада сіздерде Куба аралы көрсетіліп тұр. Және оған өте жақын орналасқан мемлекет қандай мемлекет? Әрине, Америка Құрама Штаттары, КСРО-ның жауы. Ал Американың астанасы ол кезде Вашингтон еді. Яғни Куба аралынан зымырандарды Вашингтонға ұшыру ол 3 секунд, 4 секунд болуы мүмкін мысалы дегендей. Яғни осылай бізде КСРО мемлекеті зымырандарын өзінің жауының дәл қақ алдына әкеліп тұр екен. Қалай ойлайсыздар, Америка қандай әрекет жасайды? Әрине, Америка жауап қайтарады. Олар Түркия мемлекетінің территориясында өздерінің зымырандарын орнатады, яғни Мәскеуге жақын қылып. Дәл сол кезеңде Американың президенті Джон Кеннеди еді. Барлықтарыңызға мәлім, АВП миті. Яғни Джон Кеннеди сол кезде айтады: жалпы біздің мына әлемімізді жойып жібермеу үшін КСРО мемлекетімен бейбіт түрде осы мәселені шешуіміз керекпіз дейді. Осылай КСРО-ның басшысы Никита Хрущев және Джон Кеннеди, Американың басшысы батыс-шығыс келіссөздерін жасап, столға отырып, документтерге қол қойып, осы мәселені шешкен болатын. Енді осы мәселені бізде қалай атайды? Осы мәселені 1962 жылы болған Куба немесе Кариб дағдарысы деп атайды екен. Себебі Куба территориясында басталған жанжал болған болатын. Жаңа айтқан болатынбыз, Маршалл жоспары арқылы Батыс Еуропа елдері аяққа тұрып алды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық жағынан өте, өте өрлеу дәуірлерінен өткен болатын, яғни барлық завод-фабрикалар дамыған болатын, өндіріс дамыды, жағдай жақсарған болатын. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде. Ал Шығыс Еуропа елдері ше? Олардың жағдайы не болды? Олардың жағдайы өкінішке орай Кеңес Одағының қарамағындағы саясаттың кесірінен жағдай нашар болған болатын. Және Шығыс Еуропа елдері Батыс Еуропа елдері сияқты тұрғымыз келеді, өмір сүргіміз келеді деген секілді ниеттерін алға тартқан болатын. Және соның бірі алғашқы антисоциалистік қозғалыстар жүргізілген болатын. Антисоциалистік қозғалыс деп тұрғанымыз ол анти - қарсы, яғни қарсы, против деген мағынаны білдіреді. Социалистік деген ол бізде түсінікті, КСРО-ның саясаты. Осылай КСРО-ның саясатына біз қарсымыз деген секілді қозғалыстар, үлкен шерулер, үлкен митингтер ұйымдастырған болатын. Соның бірі 1956 жылғы Венгриядағы, 1968 жылдағы Чехословакиядағы антисоциалистік қозғалыстарды айта аламыз. Және соның бірі 1968 жылы болған Чехословакия мемлекетіндегі Прага көктемі. 1968 жылы қарапайым Чехословакияның қарапайым халқы көшеге шығады.
[25:37]Көшесіндегі негізгі ұран демократияны талап етті. Біз Америка мемлекеті сияқты бостандыққа ие, тәуелсіз және экономикалық жағынан мықты мемлекет болғымыз келеді дейді. Біздің болашағымыз капитализмде деп ұрандап, осылай антисоциалистік қозғалыстар ұйымдастырады. Яғни негізгі мақсат ол социалистік жүйені жою, адам теңдігін, адам бостандығын кеңейту болған болатын. Демократияны алға тартып, Чехословакия халқы үлкен бейбіт шеруге шыққан болатын. Осыны Прага көктемі деп атайды. Бірақ Прага көктемі КСРО мемлекетіне ұнай ма? Жоқ, ұнамайды. Сол себепті Прага көктемінің жалпы қорытындысы КСРО басшысы Леонид Брежневтің бұйрығы бойынша Варшава шартты ұйымының әскері бізде не істей бастады? Әрине, Чехословакиядағы Прага көктемін ұйымдастырған антисоциалистік қозғалысты басқан болатын. Жалпы біз айтқан болатынбыз, қырғи қабақ соғысы кезі ол жалпы геосаяси шеңбер кезеңі деп, яғни геосаяси шеңбер кезеңі. Әлем бойынша, әлемнің түкпір-түкпірінде осы екі мемлекеттің саясатының кесірінен шеңберлер туындаған болатын. Мысалы, қандай шеңберлерді айтсақ болады? 1956 жылғы Суэц дағдарысы,
[28:50]1960 жылғы Вьетнам дағдарысы, яғни білесіздер, Солтүстік Вьетнам, Оңтүстік Вьетнам деп екіге бөлінген болатын. Солтүстік Вьетнам жалпы КСРО саясатын, Оңтүстік Вьетнам Америка саясатын қолдап, ол жерде Америка-Вьетнам соғысы болған еді. Ауғанстанда тура сондай болды. 1978 жылы демократиялық партия билікке келген кезінде осы саясаттың орнағанын байланысты, яғни демократиялық саясат орнайды Ауғанстанда. Ал бұған КСРО мемлекеті жалпы наразылық көрсетеді. Осылай өзінің әскерін Ауғанстанға кіргізіп, 1979 жылы Кеңес Одағының әскері өзінің тәртіпті жүйеміз, өзіміздің интернационалдық парызымызды орындаймыз деп.
[29:28]КСРО да 89-жылға дейін соғысқан болатын. Яғни жалпы Кеңес Одағының Ауғанстанға әскер кіргізілуі әлемдік қауымдастықтың ашу-ызасына тиген болатын. Осы екі мемлекет 1962 жылы өзінің ядролық соғысын бастай алмай қалды. Бірақ 83-жылы олар қайтадан соған бет бұра бастаған болатын. Қалай? 1983 жылы Варшава шартты ұйымы және Кеңес Одағы өздерінің орташа және жаңа қашықтықтағы зымырандарын Шығыс Еуропа елдеріне орналастыра бастайды. Америка бұған жауап ретінде өздерінің жаңа орташа қашықтықтағы зымырандарын олар да Батыс Еуропа елдеріне орналастыра бастаған болатын. Яғни ойлаңыздар, Еуропа қақ екіге бөлінді. Батыс Еуропада Америка зымырандары, Шығыс Еуропада Кеңес зымырандары орналастырылған. Яғни екеуі де бір-біріне бағытталып тұр, бір-біріне зымырандарды жіберуге дайын тұр екен. Жалпы осы жағдай екі мемлекеттің арасында ядролық соғыстың болуына себеп болған болатын. Енді сұрақ туындауы мүмкін, жалпы орташа қашықтықтағы зымыран деген не ол дейді. Орташа қашықтықтағы зымыран деп тұрғанымыз ол атылған кезде, яғни жерден аспанға жіберілген сәтте ол ұзақ қашықтықта ұшып барады деген сөз. Яғни аспанда ұзақ тұрып, жалпы ұзақ қашықтықты қамтып, өзінің б.н. точкасына жетеді деген сөз екен.
[30:49]Біздің қазіргі тілмен айтқанда Мәскеуден Парижге аз уақыттың ішінде барып жарылады деген сөз. Жалпы осы жағдайдың шиеленісіп кетуіне АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейган тікелей байланысты еді. Не үшін? Себебі Рональд Рейган өзінің Стратегиялық қорғаныс бастамасы деген саясатында жұлдызды соғыс деген бағдарламаны негізін салған болатын. Енді сұрақ туындауы мүмкін, жұлдызды соғыс деген не ол деп. Ағай Star Wars, Звездные Войны деген сияқты ма деген сияқты. Иә, почти. Ойлаңыздар, Рональд Рейган Кеңес Одағына қорқыныш көрсетті еді. Яғни менің ғарышта спутниктерім бар дейді. Егер де сен өзіңнің зымырандарыңды аспанға ататын болсаң, ол спутниктер лазермен аспанда ұшып бара жатқан кезде оларды қағып түсіреді дейді. Қызық, иә? Бірақ та сұрақ туындауы мүмкін. Ол кезеңде, ол уақытта ондай технология шын мәнінде болды ма деген сияқты? Мен айтар едім ол кезде 2GIS деген сияқты GPS деген сияқты дүниелерді ойлап тапқан жоқ. Осындай Американың қорқытуларынан кейін Кеңес Одағы қандай әрекет жасайды? Олар артқа қарай шегіне ме? Жоқ. Олар да өзінің жаңа ұзақ қашықтықтағы зымырандарын 1983 жылы ГДР және Чехословакия аумағында орналастырған болатын. Ойлаңыздар, ГДР және Чехословакия аумағынан Нью-Йоркқа дейін немесе Вашингтон қаласына дейін оп-оңай ұшып кетеді деген сөз. Осы жағдайлардың болып жатқанына қатты жүрегі ауырған Америкалық 10 жасар Саманта Смит деген қыз 1982 жылы КСРО басшысы Юрий Андроповқа хат жазады. Және сол хатында ол айтқан болатын: Юрий Андропов, өзіңіздің жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Жалпы КСРО мемлекеті Америкамен соғысқа дайындалып жатыр деген менде қауіп бар. Мен бұған қатты қорқамын. Құдай осы әлемді жаратты және ол әлемді бізге өмір сүру үшін берді ғой. Не үшін оны жоямыз деген секілді хатында мәтінінде жазып, жалпы хаты Саманта Смиттің Правда газетінде жарияланған болатын. 10 жасар Саманта Смиттің хатын оқыған КСРО басшысы Юрий Андропов оны жалпы КСРО-ға шақырады. КСРО-ға кел. Біз ешқандай соғысқа дайындалып жатқан жоқпыз, соған көзіңді жеткіз деп шақырған болатын. Саманта Смит осылай екі аптаға өзінің ата-анасымен бірге КСРО-ға келеді. Мәскеу, Ленинград, Санкт-Петербург және басқа да қалаларда, музейлерде, саябақтарда жүріп жалпы КСРО-ны тамашалап қайтқан болатын.
[33:01]Шын мәнінде, соғысқа дайындалып жатыр екен бұл КСРО. КСРО да орыстар деген балалайкада аюдың үстінде арақ ішіп, ошанка киіп жүреді ма деген сияқты затты шын мәнінде болады ма, болмайды ма деген затты тексеруге келген екен. Ағай, олай емес. КСРО-да ондай болмаған. КСРО ешқандай соғысқа дайындалып жатқан жоқ екен. Соған көзін жеткізіп, жалпы Артекте, пионер лагерінде қыздармен бірге достасып, айтқай, орыс құрбыларын тауып, жақсы екі аптаны өткізген болатын. Яғни nice trip дейді ғой. Осылай Саманта Смит екі аптадан кейін Америкаға оралады. Және оның орнына бала дипломатиясын дамыту үшін Катя Лычёва деген қызды КСРО мемлекеті 1986 жылы жіберген болатын. Яғни сапарға шықты. Осы бізде бала дипломатиясы да мына әлемдік шақандық ядролық соғыстың болмауына деген үлкен үлесін қосқан болатын. Жаңа айтқан болатынмын, 1979 жылы КСРО мемлекетінің әскері Ауғанстанға кіргізілген болатын. Және дәл осы оқиға жалпы әлемдік қауымдастықтың ашу-ызасына тиді. Яғни бүкіл мемлекет КСРО-мен дипломатиялық байланыстарды үзе бастады. Және бұл кезең Леонид Брежневтің кезеңі еді, яғни тоқырау дәуірі. Ешқандай даму, даму кезеңі болмады. Не дамымайсың, не көтерілмейсің, не яғни бір орнында тұрып қалғансын. Яғни дипломатияда тура сондай болды. КСРО-ның барлық мүше елдер, КСРО-ға мүше елдер және КСРО-ның қарамағындағы мемлекеттер оны мойындамай бастаған болатын. Мысалы, Шығыс Еуропа елдері. 1989 жылдан бастап Шығыс Еуропа елдері антисоциалистік қозғалыстар жүргізе бастады. Яғни антисоциалистік қозғалыстарды ұйымдастырған жеті мемлекет еді. Олар бізде жаңағы Румыния, Югославия, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша деген секілді мемлекеттер. Дәл осы мемлекеттердің барлығы КСРО саясатынан бас тартып, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін үлкен революциялар ұйымдастырды. Осы жеті мемлекеттің ішінде бесеуі бейбіт түрде митингтер ұйымдастырса, шерулер деген сияқты ұйымдастырса, екеуі қарулы, қанды, қан төгіске толы революциялар ұйымдастырды. Соның екеуі Румыния мен Югославия еді. Румынияның сіздер білесіздер, оның басшысы Николае Чаушеску ату жазасына кесілді. Ал Югославияның сол кездегі құрамындағы мемлекеттердің барлығы біртіндеп біртіндеп бөліне бастаған болатын. Басында Словения, одан кейін Хорватия, ол жерде азамат соғысы деген сияқты. Одан кейін бізде Черногория бөлініп шығып кетті, Македония бөлініп шығып кетті және Югославия 2006 жылдары өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
[35:48]Қазір Югославияны картада сіздер таппайсыздар. Дәл осы 1989 жылдағы революциялық кезеңде, яғни антисоциалистік қозғалыстар кезінде Чехословакия мемлекеті екіге бөлінген болатын. Себебі Барқыт революциясының нәтижесі бойынша Вацлав Гавел Чехияның президенті болып, Словакия бөлініп шыққан еді. Енді ойлап қараңыздар, Шығыс Еуропа елдерінің барлығы осы КСРО-ның қарамағынан шыққысы келеді. Социализм саясатынан бас тартқысы келеді. Капитализмге өткісі келеді. Және КСРО-ның сол кездегі одақтастары біртіндеп біртіндеп азайып бара жатыр. Дәл осы кезеңді шешу үшін 1985 жылы КСРО-ның жаңа басшысы келеді. Ол бізде Михаил Горбачев. Және оның жаңадан саясаты орнаған болатын. Оның саясаты қайта құру немесе одан басқаша Перестройка деп атаймыз. Дәл осы қайта құру саясатының кезінде жалпы әртүрлі салада түзетулер енгізілген болатын. Яғни демократияға қарай негізделген. Мысалы, әскери салада, гуманитарлық, экономикалық салада барлығы бейбіт түрде дипломатияны дамыту үшін жүргізілген болатын. Осылай Михаил Горбачев Америка мемлекетімен бірге жалпы дипломатиялық байланыстарды орнату үшін қару-жарақтарды шектеу бойынша келіссөздерді жүргізе бастады. Мысалы, Женева конференциясын айтсақ болады, Рейкьявик конференциясын айтсақ болады, бірақ ең маңыздысы 1987 жылы болған Вашингтон конференциясы. Дәл осы Вашингтон конференциясында Михаил Горбачев Американың президенті Рональд Рейганмен кездесіп, отырып, бейбіт түрде келісімге қол қояды. Яғни олар айтады: шағын және орта қашықтықтағы зымырандардың санын қысқартайық, ядролық қарудың екі классын жояйық деп маңызды шешімді шығарады. Жалпы осы қырғи қабақ соғысының нүктесін қойған ол бізде 1989 жылғы Мальта саммиті. Мальта саммитінде Михаил Горбачев Американың жаңа президенті үлкен Джордж Бушпен кездесіп, екеуі отырып, өздерінің келісім-шарттарына қол қояды. Және келісім-шартта маңызды бір мәселе - қырғи қабақ соғысы ресми аяқталды. Дәл осы КСРО мемлекеті құлағаннан кейін 91-жылдың 25 желтоқсан күні Михаил Горбачев өзінің президенттік өкілеттілігін тоқтатқанын мәлімдейді. Келесі күні, яғни 1991 жылы 26 желтоқсан күні КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатады. КСРО мемлекеті өзінің өмір сүруін тоқтатқаннан кейін барып қырғи қабақ соғысы аяқталған болатын, оқушылар. Себебі ойлаңыздар, қырғи қабақ соғысы 50 жылдай болды. Бұл жерде екі бақталастық, бәсекелестік мемлекеттер Америка мен КСРО. КСРО ыдырағаннан кейін, яғни 15 мемлекетке бөлініп кеткеннен кейін жеңімпаз жалғыз мемлекет ретінде ол АҚШ болып қалған болатын. Осылай Америка мемлекеті әлем бойынша өзінің плюралистік, біржақты саясатын жүргізе бастады. Яғни демократияны кеңейту, НАТО-ның жалпы өкілеттілігін әлем бойынша тарату, НАТО-ға жаңа одақтастарды қосу. Ресей мемлекетімен бақталастық, Иран, Қытаймен жаңағыдай жарыс деген секілді Америка мемлекеті өзінің саясаттарын жүргізе бастады. Және Американың бір бағыттағы әрекеттердің саясатын да жүзеге асқан болатын. Осылай біздің жалпы қысқаша қырғи қабақ соғысына арналған тақырыбымыз аяқталды. Сіздермен болған Бексұлтан ағайларыңыз, Juzo білім беру орталығы, Juzo-мен бірге жүзіпке жеттік.



