Thumbnail for XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесі мен ғылымның дамуы by Talgat Syzdykov

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесі мен ғылымның дамуы

Talgat Syzdykov

5m 43s514 words~3 min read
YouTube auto captions
Transcript source

YouTube auto captions

This transcript was extracted from YouTube's auto-generated caption track. The transcript below is server-rendered so it can be read, searched, cited, and shared without opening the original YouTube player.

Pull quotes
[0:00]Жұмыс күші жетіспеушілігін болдырмау үшін әйел адамдардың жұмысқа шығуына жағдай жасап, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз бақылауына бастады.
[0:00]Ал көп балалы немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балабақша ақысын төлеуден босатылды.
[0:00]Осылайша Кеңес одағының барлық жақсы дүние балаларға деген ұстанымы толығымен орындалды.
[0:00]1950-1970 жылдары орыс тіліндегі мектептер саны өсіп, қазақ тіліндегі мектептер азайды.
Use this transcript
Related transcript hubs

[0:00]Мектепке дейінгі білім беру жүйесі туралы не білесің? Кеңестік мектептерде қандай жүйе болды? Мектептен кейінгі білім беру саласы жайында не білесің? Кеңестік білім беру саласының кемшіліктері мен артықшылықтарын білесің бе? Осы сұрақтарға жауап берейік. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі туралы не білесің? 1980-ші жылдары балабақша тапшылығы орын алды. Қазақ КСР-інде балабақшаға орналасу қарқыны 11,4 пайызға төмендеді. Жұмыс күші жетіспеушілігін болдырмау үшін әйел адамдардың жұмысқа шығуына жағдай жасап, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз бақылауына бастады. КСРО-да қазіргі кездейгідей жеке балабақшалар болмады. Мемлекет балабақшаларды қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етіп отырды. Ата-анаға салмақ түспеді. Ал көп балалы немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балабақша ақысын төлеуден босатылды. Осылайша Кеңес одағының барлық жақсы дүние балаларға деген ұстанымы толығымен орындалды. Кеңестік мектептерде қандай жүйе болды? 1950-1970 жылдары орыс тіліндегі мектептер саны өсіп, қазақ тіліндегі мектептер азайды. 1959 жылы «Қазақ КСР-інде мектептің өмірмен байланысын арттыру және халыққа білім беру жүйесін дамыту туралы заң» қабылданды. 1963 жылы міндетті сегіз жылдық жүйеге көшу аяқталды. 1972 жылдан бастап орта білім алу міндетті және тегін болды. 1981-1984 жылдары 11 жылдық білім беру енгізілді. Оқу 6 жастан басталды. 1985-1990 жылдары республикада реформаларды жүзеге асыру кезеңі болды. Орта мектептерге төрт пән: «Қоршаған ортамен танысу», «Өндіріс негіздері (мамандық таңдау)», «Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы», «Есептеу техникасы мен информатика негіздері» пәндері енгізілді. Кеңестік теледидар жаңашыл педагогтердің тәжірибесін насихаттады. 1988 жылы алғаш рет КСРО бойынша 12 жылдық білім беруге көшу идеясы насихатталды. Мектептен кейінгі білім беру саласы жайында не білесің? 1947 жылы Кеңес үкіметі Қазақ КСР-інде жоғары және орта білім беру ісін әрі қарай дамыту шаралары туралы қаулы қабылданды. Онда жаңа жоғары оқу орындары мен факультеттер ашу, студенттер сарайын көбейту, қазақ жастарын Мәскеу, Ленинград қалаларына оқуға жіберу және тағы да басқа шаралар белгіленді. 1954 жылдан ашылған техникалық училищелер негізінен орта білімі бар жастарды қабылдап, токар, машинист, қара жұмысшы және экскаваторшыларды дайындады. Семей, Целиноград, Өскемен, Қарағанды қалаларында жаңа институттар мен техникумдар ашылды.

[3:42]Республикада 500 мың студент білім алып жатқан 246 арнайы оқу орны болды. Оның ішінде 30 мамандық бойынша дайындайтын Сергей Миронович Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ең ірі оқу орны болды. Мамандар даярлау 11 есе өсті. Мұғалімдер мәртебесі. Қазақстанда орта мектептер ақпараттық және есептеу техникасының негіздері курсын 100 пайыз қамтыды. Алайда тек 1 пайызы ғана электронды есептеу техникаларымен жабдықталды. Мұғалімдердің зияткерлік меншігіне таптық менмендік қатынасы орнады. Ал осы кезде батыс елдерінде мұғалім мен дәрігерлер мәртебесін ең маңызды деп таныған болатын. Лениннің кеңестік халық мұғалімі буржуазиялық қоғамның қаперіне келмейтін биік мәртебеге ие болады деген уәдесіне қарамастан, мұғалімдер мәртебесі төмендей берді. Кеңестік білім беру саласының кемшіліктері мен артықшылықтарын білесің бе? Кеңес одағының білім беру жүйесінің басты артықшылықтары: энциклопедиялық білім әр түрлі пәндерді оқу барысында жүйеленді; оқушылардың білім алуға деген ынтасы жоғары болды, мектептен тыс үйірмелер тегін болды; мұғалім еңбегіне және жалпы мектепке деген құрмет қалыптасты. Кеңес одағының білім беру жүйесіндегі кемшіліктер: білім тәжірибеден гөрі теорияға бағытталуы; шет тілдерін оқыту деңгейінің төмен болуы; әлем әдебиеттері қолжетімсіз болды; экстернат немесе үйден білім алудың мүмкін болмауы. Қорыта айтқанда, кеңестік білім беру жүйесі әлемдегі ең озық жүйенің бірі болды деп айтуға болады, себебі халық ішіндегі сауатсыздық аз уақыт ішінде жойылып, білім алу жалпыға қолжетімді болды. Сондай-ақ кеңес одағында жыл сайын Нобель сыйлығының иегерлері шықты.

Need another transcript?

Paste any YouTube URL to get a clean transcript in seconds.

Get a Transcript